Тұрсынбай Құлахмет жартылай финалда жеңілді

Тұрсынбай Құлахмет жартылай финалда жеңілді

Ресейдің Екатеринбург қаласында бокстан әлем чемпионатының жартылай финалдық жекпе-жектері өтіп жатыр, деп жазады Prosports.kz.

Жартылай финалға 6 қазақстандық боксшы шыққан болатын.

75 келіге дейінгі салмақ санатында өнер көрсететін <span>Тұрсынбай Құлахмет Филиппин боксшысы Эймур Марисальге есе жіберіп, финалға өте алмады. Қазақстандық боксшы бірінші раундта нокдаун алып қалды. Осыдан кейін отандасымыз өз білгенін көрсете алмады.</span>

Айта кетейік, осыған дейін Сәкен Бибосынов (52 келі) та жартылай финалда сүрінген болатын. 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или