Әлем чемпионаты: 1/2 финалдың трансляциясы
Бүгін Ресейдегі әлем чемпионатының жартылай финалдық жекпе-жектер өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Күндізгі сессияда Сәкен Бибосынов (52 кг), Тұрсынбай Құлахмет (75 кг) және Василий Левит (91 кг) шаршы алаңға шығады.
Ал кешкі сессияда Абылайхан Жүсіпов (69 кг), Бекзат Нұрдәулетов (81 кг), Қамшыбек Қонқабаев (+91 кг) финалдың жолдамасы үшін жұдырықтасады.
Жартылай финалдық жекпе-жектерді мына сілтемеден көре аласыздар.
1/2 финалда өнер көрсететін қазақстандық боксшылардың қарсыластары:
Күндізгі сессия, 16:00 (Нұр-Сұлтан уақыты)
52 келі: Сәкен Бибосынов - Амит (Үндістан)
75 келі: Тұрсынбай Құлахмет - Эймур Марисаль (Филиппин)
91 келі: Василий Левит - Хулио Сезар Кастиллио (Эквадор)
Кешкі сессия, 20:00
69 келі: Абылайхан Жүсіпов - Андрей Замковой (Ресей)
81 келі: Бекзат Нұрдәулетов - Хулио Сезар Ла Круз (Куба)
+91 келі: Қамшыбек Қоңқабаев -Джастис Хуни (Австралия)