Майданамен жұдырықтасқаны үшін Мейуэзер 32 млн доллар алады

Бес салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпионы Флойд Мейуэзер әлемнің бұрынғы чемпионы Маркос Майданамен жұдырықтасқаны үшін 32 миллион доллар алады, деп мәлімдейді «Спорт-Экспресс».

Аталмыш қаржы боксшыға жекпе-жекті көрсету құқығын сатып алған телеарналардың есебінен төленеді. Кездесу осы демалыс күні АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтеді.

Айта кетейік, қос боксшы осыған дейін 214 жылдың мамыр айында кездескен болатын. Ол кездесуде Мейуэзер төрешілердің дауыс беруімен жеңіске жетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или