Ақмолалық самбошы Азия чемпионы атанды

Ақмолалық самбошы Валерия Аксенова Азия чемпионы атанды деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
<span>Ведомствоның мәліметінше, Үндістанның Нью-Дели қаласында Азияның 20 елінен жиналған 350 астам спортшының қатысуымен самбодан құрлық чемпионаты өткен. </span>
<span>«Классикалық және әскери әдістер бойынша өткен жарыста ақмолалық Валерия Аксенова 75 келіден жоғары салмақта Азия чемпионы атанды. Жерлесіміз Нұртас Шаткенов пен Евгений Судейкиннің жетекшілігімен жаттығып жүр», - дейді ведомствоның баспасөз хатшысы Махаббат Большина. </span>
<span>Жалпы, жарыс қорытындысы бойынша ең көп ұпай жинаған Өзбекстан құрамасы - 22 алтын, 11 күміс және 6 қола медальмен командалық есепте бірінші орын алған. Одан кейін 20 алтын, 16 күміс және 10 қола медаль иеленген Қазақстан құрамасы - екінші, 5 алтын, 1 күміс және 2 қола еншілеген Моңғолия құрамасы - үшінші орынға тұрақтады.</span>