Азиададан жүлделі оралғандар ақшалай сыйақы алады

Азиададан жүлделі оралғандар ақшалай сыйақы алады
<p style="text-align: justify;"> <strong>Инчхонда өтетін Азия ойындарынан жүлдемен оралған спортшыларға берілетін сыйақылар жария етілді, деп хабарлайды 24.kz тілшісі.</strong></p> <p style="text-align: justify;"> Сонымен Азиададан алтынмен оралғандарға &ndash; 10 мың АҚШ доллары, күміс жүлдегерлерге &ndash; 5 мың, ал үшінші орын алғандарға 3 мың АҚШ доллары табысталады. Бұған қоса, спортшылардың бапкерлеріне де сыйақы қарастырылған. Шәкірті алтын алған бапкер &ndash; 5 мың, &laquo;күміс бапкер&raquo; &ndash; 3 мың, ал қола медаль иегерінің бапкері 2 мың АҚШ долларын алады.</p> <p style="text-align: justify;"> Естеріңізге саламыз, Ұлттық құраманы шығарып салу рәсімінде еліміздің көк туы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетовке салтанатты түрде табыс етілді. Инчхондағы Азия ойындары 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтеді.&nbsp;</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или