Бүгін еркін күрес шеберлері бақ сынайды
Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан күрес түрлерінен лицензиялық Әлем чемпионатында бүгін еркін күрес балуандары жарыс жолына шығады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Бүгін ерлер арасындағы еркін күрестен 57 және 65 келі салмақ дәрежелеріндегі іріктеу айналымы басталады.
Сондай-ақ, бүгін әйелдер күресінен 57, 59, 65 және 76 келі салмақтағы финалдық бәсекелер өтеді.
<span>Күрес түрлерінен Әлем чемпионатының 19 қыркүйек күнгі жарыс кестесі: </span>
- 11.00-16.00 – әйелдер күресінен 62, 68 келі салмақ дәрежесіндегі іріктеу айналымы; - еркін күрестен 57, 65 келі салмақ дәрежесіндегі іріктеу айналымы;
- 11.00 – 16.00 - әйелдер күресінен 57, 59, 65 және 76 келі салмақ дәрежесіндегі жұбаныш белдесулері;
- 16.45-17.45 - әйелдер күресінен 62, 68 келі, еркін күрестен 57, 65 келі салмақ дәрежесіндегі жартылай финалдық белдесулер;
- 18.00-21.00 - әйелдер күресінен 57, 59, 65, 76 келі салмақ дәрежесіндегі финалдық бәсекелер және марапаттау рәсімі.