Брусенский кәсіпқой рингтегі үшінші жеңісіне қол жеткізді

Брусенский кәсіпқой рингтегі үшінші жеңісіне қол жеткізді

Қазақстандық  боксшы Константин Брусенский кәсіпқой рингтегі үшінші жекпе-жегін өткізді, деп жазады Prosports.kz.

Брусенский Мәскеуде өткен бокс кешінде жұдырықтасуға шықты. 24 жастағы қазақстандықтың қарсыласы армениялық Григорий Арутюнян еді.

4 раундтан тұратын екінші жартылай жеңіл салмақ жекпе-жегі төрешілердің бірауызды шешімімен Брусенскидің пайдасына шешілді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или