Жақиянов Еуропа чемпионы атағын қорғап қалды

Жақиянов Еуропа чемпионы атағын қорғап қалды
<p> <strong>Жеңіл салмақтағы Еуропа чемпионы Жанат Жақиянов Минскіде грузиялық Гаги Эдишерашвили бірінші раундта нокаутқа құлатып, WBC Eurasia Pacific Boxing Council атағын жеңіп алды.</strong></p> <p style="text-align: justify;"> Жанат өз қарсыласын бірінші раундта нокаутқа құлатты. Осыған дейін Гаги Эдишерашвилиді &laquo;тбилисилік ұтылмайтын нокаутшы&raquo; деп атап келген. 30 жастағы Жанат Жақияновтың ендігі қарсыласы &ndash; австралиялық боксшы Фред Мундраби. Екі боксшы арасындағы жекпе-жек Мельбурндағы (Австралия) &laquo;Hisense Arena&raquo; аренасында өтеді. Австралиялық боксшы осы уақытқа дейін 18 жекпе-жек өткізіп, 15-де (7-і нокаут) жеңіске жеткен. Фред Мундраби 2 кездесуде ұтылып, 1 кездесуі тең аяқталған. Сонымен қатар, ол өзінің EBU тұжырымы бойынша Еуропа чемпионы атағын қорғап қалды.</p> <p style="text-align: justify;"> Естеріңізге сала кетейік, Жанат Жақиянов үшін Фред Мундрабимен болатын жекпе-жек кәсіпқой алаңда 25-ші жекпе-жегі болады. Осыған дейін ол 23 рет (оның 16-сы нокаут) жеңіске жетіп, 1 рет ұтылған.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или