Фьюри жеңіліп көрмеген швед боксшысын ұтты
15 қыркүйекте Лас-Вегаста британиялық боксшы Тайсон Фьюри мен Швециядан келген Oтто Уаллин кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бірінші раундта британиялық боксшының қабағы жыртылды. Алайда оған қарамастан Фьюри барлық раунд бойы айқын басымдылықпен көзге түсті. Төрешілер Тайсонды жеңіске лайық деп тапты - 116-112, 117-111, 118-110.
Айта кетейік, Уаллин алғашқы жеңілісіне ұшырады. Бұған дейін ол 20 жекпе-жекте жеңіске жеткен. Ал Фьюри 29 рет ұтып, бір рет тең түскен.
Фьюримен бір кеште жұдырықтасқан қазақстандық боксшы жеңіске жетті
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или