Басқа

Джансель Дениз жеңіліп қалды

Джансель Дениз жеңіліп қалды
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін 13 тамыз Жапонияның Чиба қаласында таеквондодан Гран-при сериясындағы халықаралық турнир басталды, деп жазады Prosports.kz.

Аталған сынға қатысып жатқан Джансель Дениз жарыс жолынан шығып қалды. 67 келіден жоғары салмақта өнер көрсететін отандасымыз алғашқы кездесуінде аустралиялық спортшыны 13:9 есебімен жеңген еді. Алайда екінші айналымда Қытай спортшысынан 5:3 есебімен ұтылып қалды.

Айта кетейік, бұл турнирге еліміз атынан Денизден бөлек, Смайыл Дүйсебай (+80 келі), Руслан Жапаров (+80 келі) және Нұрлан Мырзабаев (-80келі) қатысып жатыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер