Басқа

Қазақстандық спортшылар Grand Prix Chiba турниріне қатысады

Қазақстандық спортшылар Grand Prix Chiba турниріне қатысады
news-banner7
mobile-news-top

Жапонияның Чиба қаласында таеквондодан Гран-при сериясындағы халықаралық турнир басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Айта кетерлігі, осы турнир өтіп жатқан жерде 2020 жылғы Олимпиада ойындары аясындағы таеквондо жарыстары өтетін болады.

Жарысқа сегіз олимпиадалық салмақ дәрежесіндегі әлемнің үздік спортшылары шақырылады. Іріктеу 2019 жылдың шілде айында жаңартылған олимпиадалық рейтинг нәтижелері негізінде жүргізілді.

Бұл турнирде еліміз атынан келесі спортшылар өнер көрсетеді:

Смайыл Дүйсебай - 80 келіден жоғары салмақта өнер көрсететін отандасымыз рейтингтің тоғызыншы сатысында тұр. Осылайша, спортшы олимпиадалық нормативті орындауға бір қадам жақын (алғашқы бестік автоматты түрде Олимпиада ойындарына қатысады).

Джансель Дениз - 67 келіден жоғары салмақтағы оныншы орын.

Руслан Жапаров - 80 келіден жоғары салмақта 19-шы орында.

Нұрлан Мырзабаев - 80 келіге дейінгі салмақта 31-ші сатыда тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер