Күрес

Күрес түрлерінен әлем чемпионатының қызықты деректері

Күрес түрлерінен әлем чемпионатының қызықты деректері
news-banner7
mobile-news-top

14 қыркүйек күні Нұр-Сұлтанда басталатын күрес түрлерінен әлем чемпионаты қарсаңында «Барыс Арена» спорт кешенінің баспасөз орталығыда баспасөз мәслихаты өтті. Осыған орай, Prosports.kz тілшісі әлем біріншілігіне қатысты маңызды дүниелерді назарларыңызға ұсынбақ.

- Әлем чемпионатына әр жылдарда Олимпиада чемпионы атанған 60 астам балуан келеді, олардың ішінде қазір де күресіп жүргендері жетерлік.

- Әлем чемпионатына 1002 балуан тіркелген.

- Тарихта алғаш рет күрестен әлем чемпионаты аясында UWW туы астында грэпплингтен әлем біріншілігі өтеді.

- 250 журналист аккредитациядан өтті.

- Әлемнің 104 еліне тікелей трансляция жүргізіледі.

- Qazsport телеарнасы доданы тікелей эфирде көрсетеді.

- Әлем чемпионатын өткізу бюджеті 1 миллиард теңгеден асып кетті.

- Негізгі қаражат көздері: - «Самрұқ-Қазына» ҰӘАҚ «Спорт қоры» АҚ - 700 миллион теңге, ҚР ҰОК - 360 миллион теңге.

- Әлем чемпионатын өткізудің экономикалық тиімділігі:

- Қонақтар, жанкүйерлер мен қатысушыларға қонақүйлердің қызметін ұсыну;

- Астаналық тамақтану орындарының лық толуы;

- Кәдесыйлар мен арнайы атрибуттардың жаппай сатылымы;

- Дәл қазіргі уақытқа дейін 15 мың билет сатылды;

- Ең қымбат билеттер сатылымға түскен күннен бастап өтіп кеткен.

- Жоспарлар мен жүлде күту.

Ерлан Қожасбай, ҚР Күрес федерациясының вице-президенті: «Еркін күрес бойынша Олимпиада ойындарының 3 лицензиясын (олимпиадалық 6 салмақ ішінен) алу жоспарымызда бар. Бес балуанымыз - әлем чемпионаты жүлдесіне үміткер»

Дәулет Тұрлыханов, ҚР Күрес федерациясының вице-президенті, UWW бюро мүшесі, UWW Аsia Азия күрес кеңесінің басшысы: «Олимпиаданың үш лицензиясын иелену – басты жоспарымыз. Сондай-ақ елімізде өткелі отырған әлемдік додада 5 балуанымыз жүлде салады деп болжап отырмыз. Көшбасшыларымыз бәріңізге белгілі – Мейрамбек Айнағұлов (60 келі), Алмат Кебіспаев (63 келі), Мейіржан Шермахамбет (67 келі), Демеу Жадыраев (72 келі) және Асхат Ділмұхамедов (77 келі)».

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер