«Барселонаға» тиесілі футболшы 2,8 жылға бас бостандығынан айырылды
«Барселонаға» тиесілі, «Истанбул Башакшехир» клубының жартылай қорғаушысы Арда Туран 2,8 жылға бас бостандығынан айырылды, деп жазады Prosports.kz сайты.
<span>BBC арнасының мәліметінше, түрік футболшысы жыныстық қатынасқа итермеледі, заңсыз қару-жарақ ұстады, өмірге қауіп төндірді және қасақана дене жарақатын салды деп айтыпталған болатын.</span>
<span>Өткен жылы Арда Туран Стамбұлдың түнгі клубтарының бірінде түрік әншісі Беркай Шахиннің жұбайына тиісіп, артынша әншімен жаға жыртысып қалған.</span>
<span>Артынша Арда Тұран ауруханаға түсіп қалған әншіге тапаншамен келіп кешірім сұраған: «Сенің жұбайың екенін білген жоқпын. Кешір, мені атып тастасаң болады», - деп тапаншасын қалдырып кеткен.</span>
<span>Дегенмен сот футболшыны тапаншадан ату, заңсыз қару-жарақ ұстау және қасақана дене жарақатын салу бойынша 2,8 жылға бас бостандығынан айырып, «жыныстық қатынасқа итермелеу» бойынша тағылған айыпты жоққа шығарды.</span>