Әлем футболы

Арда Туран 12 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Арда Туран 12 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

«Барселонаға» тиесілі, «Истанбул Башакшехир» клубының жартылай қорғаушысы Арда Туран 12,5 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп жазады Prosports.kz сайты.

CNN Turk арнасының мәліметінше, түрік футболшысы жыныстық қатынасқа итермеледі, заңсыз қару-жарақ ұстады, өмірге қауіп төндірді және қасақана дене жарақатын салды деп айтыпталуда.

Айта кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Арда Туран Ыстамбұлдың түнгі клубтарының бірінде түрік әншісі Беркай Шахиннің жұбайына тиісіп, артынша әншімен жаға жыртысып қалған.

Артынша Арда Тұран ауруханаға түсіп қалған әншіге тапаншамен келіп кешірім сұраған: «Сенің жұбайың екенін білген жоқпын. Кешір, мені атып тастасаң болады», - деп тапаншасын қалдырып кеткен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер