Жәнібек Әлімханұлы: Америкаға арман қуып емес, жоспар құрып келдік
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (7-0, 3 КО) <span> </span>Америкаға келгендегі басты мақсаты туралы айтты, деп жазады Prosports.kz.
— Біз Америкаға арман қуып емес, жоспар құрып келдік. Мақсатымыз айқын. Qazaq style-ды тарихта қалдыру үшін барымызды салып жатырмыз. Жаттығуымызға кірістік. Келер апта спарринг басталады, — деп жазды боксшы Instagram парақшасында.
<span>Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы 17 тамызда МакЛелланды бесінші раундта нокаутқа түсіріп, өзінің WBC Continental Americas және WBO Global нұсқалары бойынша орта салмақтағы екі чемпиондық белдігін қорғап қалды.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или