Изим Избаки америкалық боксшымен жұдырықтасады

Изим Избаки америкалық боксшымен жұдырықтасады

Ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Изим Избаки (2-0, 1КО) рингке 5 қазан күні оралады, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz<span> </span>сайты.

Отандық боксшы қазан күні Флинтте (Мичиган штаты, АҚШ) өтетін бокс кешіне қатысады. Оның қарсыласы америкалық боксшы Трой Олбринг (0-2) болмақ. Жекпе-жек 6 раундқа жоспарланған.

Кештің басты кездесуінде орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы, америкалық Кларесса Шилдс (9-0, 2КО) Хорватия елінің өкілі Ивана Хабазинмен (20-3, 7КО) кездеседі. Қарсыластар бірінші орта дивизионда WBO және WBC Diamond әлем чемпиондарының бос белбеулеріне таласады.

Естеріңізге сала кетейік, 23 тамызда Избаки АҚШ-та алғашқы жекпе-жегін<span> </span>өткізген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или