Джейкобс екінші орта салмақтағы алғашқы жекпе-жегін қыста өткізеді
Америкалық боксшы Дэниел Джейкобс екінші орта салмақтағы алғашқы жекпе-жегінің қашан өтетінін мәлімдеді.
ESPN мәліметінше, орта салмақта IBF бұрынғы чемпионы 14 желтоқсан күні шаршы алаңға оралады. Жекпе-жек екінші орта салмақта өтеді. Дэниел Джейкобс мексикалық Хулио Сезар Чавес-кішімен жұдырықтасады деп күтілуде.
Айта кетейік, Геннадий Головкиннің бұрынғы қарсыласы соңғы жекпе-жегінде мексикалық Сауль Альварестен төрешілердің шешімі бойынша жеңіліс тапты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или