Қазақстандық телеарна Елеусіновтың жекпе-жегін тікелей эфирде көрсететін болды
Қазақстандық бокс көрермендері Данияр Елеусіновтың келесі жекпе-жегін тікелей эфирде тамашалай алады, деп хабарлайды Prosports.kz.
14 қыркүйек күні таңертең (Нұр-Сұлтан уақытымен) Елеусінов кіші Madison Square Garden, <span>Hulu T</span><span>heater кешенінде</span> америкалық Решард Хикспен (12-0-1, 6 КО) кездеседі. Тікелей эфирді «Хабар» телеарнасы таратады. Эфирдің басталу уақыты таңғы 06:00-ге жоспарланған.
Айта кетейік, бокс кешінің басты жекпе-жегінде ресейлік Заур Абдуллаев (11-0, 7 КО) пен америкалық Девин Хэни (22-0, 14 КО) жұдырықтасады. Қос спортшы WBC-дің жеңіл салмақтағы уақытша чемпионы атағы үшін таласады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или