Қазақстандық киберспорт командасы Dota 2 ойынынан халықаралық турнирге қатысады

Қазақстандық киберспорт командасы Dota 2 ойынынан халықаралық турнирге қатысады

Қазақстандық Cyberdogs командасы Dota 2 ойынынан WePlay! Reshuffle Madness 2019 турниріне қатысады.

Отандық команда іріктеу кезеңінде барлық қарсыластарын жеңіп, турнирдің негізгі сынына жолдама алды.

Жарыс 16-23 қыркүйек күндері өтеді. 16 команда өзара 50 мың долларды құрайтын жүлде қорын сарапқа салады.

Айта кетейік, 2018 жылы құрылған Cyberdogs командасында Исламбек Шаудырбаев, Бекжан Маметов, Бекжан Жәндіров, Роман Мукаев және Дархан Мадыхан есімді қазақстандық ойыншылар өнер көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или