Басқа

AVANGAR әлемнің үздік 10 командасының қатарына енді

AVANGAR әлемнің үздік 10 командасының қатарына енді
news-banner7
mobile-news-top

StarLadder Berlin Major 2019 халықаралық турнирінің гранд-финалына дейін жеткен қазақстандық AVANGAR киберспорт командасыәлемдік рейтингіде үздік ондыққа енді , деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Counter Strike: Global Offensive ойынынан Германияның астанасы Берлинде өткен турнирінің финалына AVANGAR мен Astralis командалары шыққан. 2:0 есебімен жеңген даниялық команда 500 мың долларды қанжығасына байласа, қазақстандық ұжым 150 мың доллар сыйақы алды.

Бұл нәтижеден соң қазақстандық ұжым бірден 9 сатыға көтеріліп, 6-шы орынға жайғасты. Бұған дейін AVANGAR-дың үздік нәтижесі 13-ші орын болатын.

Айта кетейік, StarLadder Berlin Major турнирі 23 тамыз күні басталған болатын. Қазақстандық AVANGAR командасы күтпеген жерден финалға дейін жетіп, сәтті өнер көрсетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер