Ақбербаев Риода Левитті күмәнді жеңген боксшымен айқасады

Ақбербаев Риода Левитті күмәнді жеңген боксшымен айқасады

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Иса Ақбербаев (20-0, 15КО) 2 қарашада Екатеринбургте (Ресей) Евгений Тищенкомен (5-0, 3КО) WBO Intercontinental титулы үшін айқасады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Исаның қарсыласы Евгений Тищенко – 2016 жылғы Рио Олимпиадасының чемпионы.

Дәл осы боксшымен Риода қазақстандық боксшы Василий Левит финалда кездесіп, Тищенко күмәнді жеңісімен еліне оралған болатын.

Ақбербаев - Тищенко айқасы он раундқа есептелген.

Айта кетсек, Иса Ақбербаев соңғы айқасын 2017 жылдың желтоқсан айында өткізген болатын. Ол кездесуінде боксшы Киевте Босния мен Герцеговинадан келген Мирнес Денадичті (12-12-2, 6КО) жеңді.

Айта кету керек, Ақбербаев бір жылдары Абель Санчестің залында Геннадий Головкинмен бір командада жаттыққан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или