Бекзат Нұрдәулетов бокстан әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Бекзат Нұрдәулетов бокстан әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Қазақстандық боксшы Бекзат Нұрдәулетов Екатеринбургте өтіп жатқан әлем чемпионатында жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Бекзат корейлік Хонг Хингимен жұдырықтасты. Үшінші раундта қазақстандық боксшы қарсыласын нокдаунға жіберді. Төрешілер бірауыздан жеңісті жерлесімізге берді. 

15 қыркүйекте Нұрдәулетов венесуэлалық Корбай Баррермен кездеседі. 

Айта кетейік, Бекзат 81 келіге дейін салмақта өнер көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или