Златан Ибрагимовичқа өз елінде ескерткіш орнатылады
«Лос-Анджелес Гэлэксиде» доп теуіп жүрген атақты швециялық шабуылшы Златан Ибрагимовичқа өз елінде ескерткіш орнатылмақ, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Монумент Мальме қаласында орналыстырылады. Биіктігі 2,7 метр болатын 500 кг-дық скульпторды шведтік футбол ассоциациясы Питер Линдеге салғызбақшы.
Форвард АҚШ-тың Басты футбол лигасында (MLS) шабуылшылар көшінің 2-орнында тұр. 27 матчта 22 гол соққан Златан 3 ойында қатарынан дубль жасаған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или