Басқа

Серік Сәпиев Азия чемпионатының алғашқы жүрісін жасады

Серік Сәпиев Азия чемпионатының алғашқы жүрісін жасады
news-banner7
mobile-news-top

Кеше Алматыда шахматтан 10-шы Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирге Азияның 16 елінен ең мықты 70 спортшы қатысып жатыр. Олардың ішінде: әйелдер арасындағы әлемнің экс-чемпионы Елена Анкудинова, әйелдер арасында Азияның төрт дүркін чемпионы аустралиялық Хелен Миллиган және 2014 жылғы Азия чемпионы қазақстандық Айтқазы Баймурзин де бар.

Турнирдің рейтингілік фавориттері тақтасындағы символдық алғашқы жүрісті (ход) ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы Серік Сәпиев, Алматы қаласы әкімінің өкілі және кеңесшісі Уәлихан Тен, сондай-ақ Қазақстан шахмат федерациясының вице-президенті Еркін Исраилов жасады.

«10 қыркүйекте классикалық шахмат турнирі басталады. 9 турға жалғасатын жарыста спортшылар Азия чемпионы атағына таласады. Содан кейін шахматшылар блиц әдісінен сынға түседі. Бұл сын швейцариялық жүйе бойынша 9 турға жалғасады. Жарыс 50 жастан жоғары және 65 жастан жоғары санаттарда өткізіледі», - деді Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры Ирина Грищенко.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер