AIBA президентінің міндетін атқарушы ресейліктерге алғыс білдірді
Халықаралық әуесқой бокс ассоциациясы (AIBA) президентінің міндетін атқарушы Мохамед Мустасан Екатеринбургтегі әлем чемпионатын өткізуге мүмкіндік бергені үшін Ресей тарапына алғысын білдірді, деп жазады Prosports.kz.
— Мен Екатеринбургтегі әлем чемпионатын ресми түрде ашамын. Бізді жақсы қарсы алғаны және осы турнирді өткізуге мүмкіндік бергені үшін Ресейге алғыс білдіргім келеді. Сіздер бізді қазіргі қиыншылық уақытта асқан энтузиазммен қолдадыңыздар. Осы турнирдің жемісті өтуіне мұрындық болған Умар Кремлев пен Свердлов облысының губернаторы Евгений Куйбашевке жеке алғыс айтамын, - деді Мустасан.
Екатеринбургтегі әлем чемпионаты 8-21 қыркүйек аралығында өтеді. Турнирге 91 мемлекеттің 488 спортшысы қатысады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или