Мэйвезер шаршы алаңға оралады
Мансабын аяқтаған даңқты боксшы Флойд Мэйвезер Қытайда көрмелік жекпе-жек өткізуі мүмкін.
Бұл туралы South China Morning Post басылымы мәлім етті. 42 жастағы боксшы аспан асты елінде шаршы алаңға шығуға келісімін берген.
18 қыркүйек күні Mission Hills Group Қытайда Флойд Мэйвезердің жекпе-жегіне байланысты баспасөз мәслихатын өткізеді. Егер қос тарап бір шешімге келсе америкалық былғары қолғап шебері 2020 жылы Хайнанть провинциясындағы Хайкоу қаласында жекпе-жек өткізеді.
Айта кетейік, өткен жылы 31 желтоқсан күні Флойд Мэйвезер Жапонияда жергілікті боксшы Теншин Насукаваға қарсы көрмелік жекпе-жек өткізген болатын. Қарсыласын бірінші раундта сұлатып түсірген америкалық боксшы сол жекпе-жектен 9 миллион доллар табыс тапты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или