AVANGAR StarLadder Berlin Major турнирінің финалында ұтылды

AVANGAR StarLadder Berlin Major турнирінің финалында ұтылды

Қазақстандық AVANGAR киберспорт командасы StarLadder Berlin Major 2019 халықаралық турнирінің гранд-финалында жеңіліс тапты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Counter Strike: Global Offensive ойынынан Германияның астанасы Берлинде өткен турнирінің финалына AVANGAR мен Astralis командалары шыққан. 2:0 есебімен жеңген даниялық команда 500 мың долларды қанжығасына байласа, қазақстандық ұжым 150 мың доллар сыйақы алды.

Айта кетейік, StarLadder Berlin Major турнирі 23 тамыз күні басталған болатын. Қазақстандық AVANGAR командасы күтпеген жерден финалға дейін жетіп, сәтті өнер көрсетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или