Елордадағы марафон жеңімпазы 1 млн теңге ұтып алды

Елордадағы марафон жеңімпазы 1 млн теңге ұтып алды

Биылғы «Astana Marathon-2019» халықаралық марафонына 5 мыңнан астам адам қатысты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

<span> «Astana Marathon-2019» халықаралық марафонының әйелдер арасында 2 сағат 28 минут 42 секундта жеткен қырғызстандық Юля Андреева жеңімпаз атанды. </span>

<span>Екінші болып жерлесіміз Гүлжанат Жанатбек келді, оның нәтижесі 2 сағат 33 минут 25 секунд. Тиісінше үшінші орынға 2 сағат 45 минут 41 секундпен Екатерина Сундукова тұрақтады.</span>

<span> 42,2 шақырымдық жүгіру марафонын межелеген жеңімпаздарға ақшалай сыйақы берілді. Атап айтқанда 1-орын иесіне 1 млн теңге, 2-орынға 500 мың теңге және 3-орынға 250 мың теңгенiң сертификаты табыс етілді.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или