Канадалық теннисші Андрееску биылғы жылы 28 еселенген табыс тапты
Канадалық теннисші Бьянка Андрееску (WTA рейтингінде 15-орында) биылғы US Open турнирінде Серена Уильямсты жеңіп, 3 850 000 АҚШ долларына ие болды, деп жазады Prosports.kz Sport.ua сайтына сілтеме жасап.
19 жасар теннисші қыз биылғы жылы АҚШ ашық чемпионатынан бөлек, Индиан-Уэллс пен Торонтода өткен екі ірі турнирде де топ жарған болатын. Бұл жарыстардың сыйақысы 2 201 985 долларды құрады.
Сөйтіп Андрееску 2019 жылы 6 миллион АҚШ долларынан көп табыс тапқан. Ал оның спорттық мәнсабында тапқан ақшасы небәрі 215 888 АҚШ доллары (28 есе аз) болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или