Қазақстандық нокаутерлер Мәскеу төрінде айқас өткізеді
Жеңіліс дәмін татпаған қазақстандық боксшылар Ибрагим Ескендір (6-0, 6 КО) мен Ғалым Шағатай (4-0, 4 КО) 30 қазан күні Мәскеуде өтетін бокс кешіне қатысады, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz сайты.
Corston Club алаңында өтетін бокс кешінде екі боксшы да он раундтық кездесу өткізеді. Ескендір - жартылай ауыр, Шағатай - бірінші орта салмақта сынға түседі. Қарсыластары әлі белгісіз.
Ибрагим Ескендір соңғы жекпе-жегін 15 желтоқсанда өткізіп, әзірбайжандық Анар Абдуллаевты (2-6, 2 КО) нокаутқа түсірген болатын. Ғалым Шағатай болса, 29 тамызда ресейлік Александр Салтыковқа (12-57-3, 7 КО) қарсы жұдырықтасып, оны екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или