Басқа

Әлия Юсупова: Әлем чемпионатында 16 спортшыға лицензия беріледі

Әлия Юсупова: Әлем чемпионатында 16 спортшыға лицензия беріледі
news-banner7
mobile-news-top

16 қыркүйек күні Бакуде көркем гимнастикадан әлем чемпионаты басталады. Жер жүзілік додаға Әлия Юсупова баптайтын Қазақстан командасы да қатысады. Лицензиялық әлем біріншілігіне дайындықтың қалай өткенін бас бапкер Olympic.kz сайтына баяндаған болатын.

- Әлем чемпионатына дайындық оңай болған жоқ. Өйткені, Алина Әділханованы жарақатынан кейін тізесі әлі мазалап жүр. Сондықтан, толыққанды жаттығу жүргізуге мүмкіндігі болар емес. Адиля Тілекенова мен Роза Абитова жоспар бойынша жаттығып жатыр. Адиля мен Әділханова төрт жаттығу бойынша сынға түседі (шығыршық, доп, ұршық, таспа). Ал Абитова тек қана ұршық пен таспа жаттығуын орындайды.

Бакудегі әлем чемпионатында Олимпиада жолдамасына талас басталады. Квотаға ілігу үшін үздік 16 спортшы қатарынан көріну қажет. Алинаның жаз бойы жаттығу жасамай, жарақатынан емделгенін ескерсек, қазір бұл міндетті орындау мүмкін емес. Десе де, біз жақсы нәтиже көрсету үшін тырысатын боламыз. Лицензиялық жарыстар 2020 жылы да өтеді. Қыздарымыз әлем чемпионатында көңілге қонымды нәтиже көрсету үшін жұмыс істеп жатырмыз, - дейді Әлия Юсупова.

Айта кетелік, көркем гимнастикадан әлем чемпионатына Алина Әділханова, Роза Абитова және Адиля Тілекеновалар қатысады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер