Боб және Майк Брайандар US Open-2014-те жеңіске жетті
<p style="text-align: justify;">
<strong>Жұптық сайыстың теннисшілері арасында рейтингінің көшбасшылары ағайынды Брайандар мәнсабындағы жүзінші титулына қол жеткізді. </strong></p>
<p style="text-align: justify;">
АҚШ Ашық чемпионатының шешуші матчында Боб және Майк Брайандар испаниялық дуэт Марсель Гранольерс пен Марк Лопеспен кездесті. Бір сағат, 20 минутқа созылған матчта америкалықтар 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті.</p>
<p style="text-align: justify;">
Бұл мәнсабында жұптық сайыстың барлық ірі турнирінде топ жарған Брайандар үшін жүзінші титул болды.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или