Басқа

Темірлан Қалиев семсерлесуден халықаралық турнирдің қола жүлдегері атанды

Темірлан Қалиев семсерлесуден халықаралық турнирдің қола жүлдегері атанды
news-banner7
mobile-news-top

Ташкентте семсерлесуден «сателлит» сериясындағы халықаралық турнир аяқталды. Қазақстандық Темірлан Қалиев рапирадан үздіктер қатарына енді.

Темірлан турнирдің жартылай финалында түркиялық Мартино Минутоға есе жіберді. Түркиялық спортшы жарыс жеңімпазы атанса, ресейлік Иван Трошин күміс жүлдеге қол жеткізді. Сингапурлік Кевин Чан да қола жүлдегерлер қатарында.

«Сателлит» дәрежесі жөнінен әлем кубогі кезеңдерінен кейінгі орында тұрған жарыс. Аталған турнирде рейтингілік ұпайлар таратылады.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер