Кличко лондондық жанкүйерінің Борат туралы сұрағына жауап берді

Кличко лондондық жанкүйерінің Борат туралы сұрағына жауап берді

Супер ауыр салмақтағы әлемнің экс-чемпионы Владимир Кличко лондондық жанкүйерінің атышулы Борат Сағдиев кинокейіпкері туралы сұрағына жауап берді, деп жазады Prosports.kz.

Гордон Стюарт атты жанкүйер Кличкодан: «Сіз Борат сияқты сөйлеуге тырысасыз ба, әлде шынайы солай сөйлейсіз бе» деп сұрады. Украиналық бұл сұраққа: «Гордон, сен менің Қазақстанда туғанымды білесің бе? Ол өте керемет ел және маған ұнайды, деп жауап қатты.

Айта кету керек, Владимир Кличко 1976 жылы Семей қаласында дүниеге келді. Кейін Кличколар отбасы Украинаға көшіп кетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или