Отандық балуандар UWW рейтингісінде үздік төрттікке енді
Біріккен күрес әлемі (UWW) Нұр-Сұлтандағы әлем чемпионаты қарсаңында балуандар рейтингін жаңартты.
Грек-рим күресінен 67 келіде белдесетін Мейіржан Шермаханбет өз салмағындағы үздік төрттікке енді. Бұл салмақта ресейлік Артем Сурков көш бастап тұр.
Еркін күрестен рейтингтегі ТОП-4 қатарында Нұрислам Санаев пен Нұрғожа Қайпанов бар. 57 келідегі Нұрислам Санаев төртінші орында тұр. Ал Нұрғожа Қайпанов өз салмағында екінші сатыда.
Әйелдер күресінен Марина Седнева (55 келі), Айна Теміртасова (65 келі) және Жәмила Бақберген (72 келі) рейтингте жоғары көрсеткішке ие. Балуан қыздардың барлығы да әлемдік рейтингтің екінші сатысына орналасқан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или