Головкинмен жанжалдасып қалған қазақстандық боксшы «Канеломен» бір кеште жекпе-жек өткізеді

Головкинмен жанжалдасып қалған қазақстандық боксшы «Канеломен» бір кеште жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық боксшы Руслан Мадиев (13-1, 5 КО) келесі жекпе-жегін қараша айында өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Жақында Геннадий Головкиннің командасынан кеткен Руслан Мадиев қараша айында Сауль «Канело» Альварестің андеркартында өнер көрсетуі мүмкін.

Шілде айында қазақстандық боксшы Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясымен келісімшартқа отырып, жаңа промоушеннің атынан алғашқы жекпе-жегін өткізген болатын.

26 жастағы жерлесіміз филиппиндік Рики Сисмундоны (35-13-3, 17 КО) 8 раундтың нәтижесі бойынша төрешілердің шешімімен жеңді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или