Ахмедов чемпиондық белбеу үшін жекпе-жекке шығады
Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов әлем чемпионы атағына таласады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Бұл туралы боксшының өзә әлеуметтік желісінде хабарлады.
– Ассалаумағалейкум, баршаңызға! Алла қаласа, 25 ші қазан Монреаль Квебек қаласында өзімнің 10 жекпе жегімді өткіземін. Алда (big drama show) күтіңіздер, өте қызықты, тартысты жекпе жек өткізетін боламын. Бұл жекпе жекте белдікке, яғни әлем чемпионына талас болуы әбден мүмкін. Бірәқ алі қандай версияда екені белгісіз. Әрине, әуелі Алла және қазақ елімнің батасымен дұғасы жеңіске деген құштарлығымды оятып, жеңуіме үлкен үлесін қосатын болады. Еліміз аман жұртымыз тыныш болсын, деп жазды Садриддин өзінің Instagram парақшасында.
Айта кетейік, Садриддин Ахмедов келесі жекпе-жегін 25 қазанда Канаданың Квебек қаласында өткізеді. Қазақстандық нокаутшының қарсыласы жақында анықталады.