#Abai175: Әйгілі Қытай миллиардері Абай өлеңін жатқа оқып, эстафетаны Головкинге жолдады

#Abai175: Әйгілі Қытай миллиардері Абай өлеңін жатқа оқып, эстафетаны Головкинге жолдады

Alibaba интернет-корпорациясының негізін қалаушы Джек Ма қазақтың ұлы ақыны Абайдың өлеңін қытайша оқыды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

<span> Қазақстанның Қытайдағы елшілігінің хабарлауынша, Джек Ма ҚР-ның Қытайдағы eлшісі Шахрат Нұрышевтың эстафетасын қабыл алып, қытай тілінде «Құлақтан кіріп, бойды алар» өлеңін оқыды. </span>

<span>«Құрметті достар, мен Джек Мамын. Келесі жылы Қазақстанда қазақтың ұлы ақыны және ойшылы Абайдың 175 жылдығы тойланады. Бүгін мен Қазақстанның Қытайдағы елшісі Нұрышев мырзадан эстафетаны қабыл алып, сіздерге Абайдың өлеңін оқып беремін», – деді қытайлық миллиардер.</span>

<span></span>

<span>Соңында Джек Ма эстафетаны қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкинге жолдады.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или