Головкин-Рубио жекпе-жегінің билеттері рекордтық жылдамдықпен сатылуда

WBC нұсқасы бойынша уақытша әлем чемпионы мекикалық Марко Антонио Рубиомен болатын жекпе-жегіне билеттер рекордтық жылдамдықпен сатылып кетіп жатыр.

Бұл туралы Геннадийдің промоутері Том Леффлер мәлім етті, деп хабарлайды kaz.gazeta.kz сайты boxingscene.com-ге сілтеме жасап.Том Леффлердің айтуынша, билеттердің сатылым жылдамдығы бокс өтетін аренаның рекордын жаңартқан.

«Біз бұл кездесуге өте көп билет сатып үлгердік. Бұл жекпе-жек, аренаның сатылым жылдамдығы бойынша барлық рекордын басып озды», - деді өз сөзінде Леффлер.

Естеріңізге сала кетейік, бокс кеші биыл 18 қазан күні Карсон қаласының (АҚШ, Калифорния штаты, Лос-Анджелес округы) StubHub Center аренасында өтеді. Аренаның сыйымдылығы - 30 510 адам.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или