Садриддин Ахмедовтың қашан жекпе-жек өткізетіні белгілі болды
Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов Канадада жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Бірінші орта салмақтағы WBC Asia тұжырымының чемпионы канадалық Монреаль қаласында 25 қазанда рингке оралады. Жересіміздің қарсыласы әзірге белгісіз.
«Ассалаумағалейкум баршаңызға! Алла қаласа, 25 ші қазан Монреаль қаласында өзімнің 10-шы жекпе жегімді өткіземін! Өте қызықты тартысты жекпе жек өткізетін боламын, бұл жекпе-жек белдікке, яғни әлем чемпионына талас болуы әбден мүмкін», - деді Ахмедов өзінің Instagram-парақшасында.
Еске сала кетелік, Садриддин Ахмедов соңғы кездесуін 29 маусым күні Тетфор Минада (Канада) өткізіп, мексикалық қарсыласы Даниэль Вега Котуды (14-3-1, 11 КО) бірінші раундта нокаутқа жіберді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или