Astana Tour of Almaty жарысының жеңісін алғаш рет өзге командаға берді
30 тамыз Tour of Almaty-2019 веложарысының алғашқы кезеңі өтті.
Шабандоздар жазық аймақта, ұзақтығы 118 шақырым болатын жарыс жолын бағындырды. Кезеңнің сөресі мен мәресі көпфункционалды «Алматы Арена» спорттық кешенінің аумағында өтті. Жарыс жолы ұзақ болмағандықтан әр түрлі болжамдар айтылды. Бас классификацияның фавориттері мен алға озған топтың шабандоздары спритнерлерді қоршап алу үшін пелотонды бірнеше топқа бөліп тастауға тырысты. Ал өз кезегінде спринтерлік командалар көрермендердің кезең жеңімпазы финиште негізгі топ арасынан анықталғанының куәсі болуы үшін барын салды.
Нәтижесінде алғашқы кезеңдегі жеңіс үшін алға озған топ шабандоздары өзара таласқа түсті. Польшалық CCC Development Team командасының велесебедшісі Патрик Штох финишке алғашқы болып келді. 1-орын иегерін анықтау үшін фотофиништің көмегіне жүгінуге тура келді. Vino - Astana Motors командасы үшін өнер көрсетіп жүрген Матвей Никитин 2-орын иеленді. Neri Sottoli - Selle Italia – KTM командаасының өкілі Давиде Габуро 3-нәтиже көрсетті. Олардың уақыт көрсеткіші 02:37:34. Атап өтетін бір жәйт, италиялық аралық бонификацияға ие болғандықтан бас классификация бойынша Никитин мен Габуро орын алмасты. <br /><br />1-кезең қорытындысы бойынша Никитин үздік қазақстандық шабандоздың жейдесін киді.
Ертең, 31-тамыз күні жарыстың 2-кезеңі өтеді. Қатысушылар Halyk Arena-дан басталатын 160 шақырымдық жарыс жолын жүріп өтеді. Кезең «Медеуде» аяқталады. Содан кейін Tour of Almaty-2019 жеңімпазы анықталады. Патрик Штох жарыс жолына көшбасышының сары жейдесімен шығады.