Деревянченко қазақтарға алғыс айтты
Украиналық боксшы Сергей Деревянченко (13-1, 10 КО) Геннадий Головкинмен (39-1-1, 35 КО) болатын жекпе-жек алдында қазақстандық бокс жанкүйерлеріне алғыс айтты.
Спортшы Instagram-дағы парақшасында жазба қалдырды.
-Менің «Арланстағы» жекпе-жектерімді ұмытпаған, әлеуметтік желіде маған жылы сөздер айтатын барша қазаққа алғыс айтамын. Сол кез менің де есімде, тамаша жылдар еді. Рахмет!», - деп жазды Деревянченко Instagram-дағы парақшасына.
Еске сала кетейік, Сергей Деревянченко Бүкіләлемдік бокс сериясында (WSB) «Астана Арланс» клубы сапында 2012-2014 жылдары өнер көрсеткен болатын. Содан кейін кәсіпқой бокстағы өзінің мансабын бастаған.
Головкин - Деревянченко айқасы 5 қазан күні Нью-Йорктегі (АҚШ) Madison Square Garden аренасында болады. Боксшылар бірінші баспасөз мәслихатын өткізіп, көз арбасты.