Автобуспен бетпе-бет соқтығысқан Олимпиада чемпионы аман қалды

Автобуспен бетпе-бет соқтығысқан Олимпиада чемпионы аман қалды

Жүгіруден екі дүркін әлем чемпионы, кениялық Дэвид Рудиша ірі жол апатынан кейін аман қалды. Бұл туралы 30 жастағы спортшы Twitter-аккаунтында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

<span>Kenyans.co.ke ақпаратына сәйкес, Рудишидің автокөлігінің дөңгелегі жарылып, салдарынан автобусқа соғылған. Спортшы ауруханаға жеткізілгеннен кейін денесінен ешқандай жарақаттар табылмаған. Артынан жеңіл атлет ауруханадан шығарылды.  </span>

<span>«Сенбі күні кешкісін мен Килгориске үйіме бара жатқан жолда Керокеде сұмдық жол апатына түстім. Автобуспен бетпе-бет соғылып, аман қалдым. Жағдайым тәуір, тіпті жарақат алған жоқпын. Дұға-тілектеріңіз үшін рахмет!», - деп жазды Рудиша. </span>

<span>Кениялық спортшы екі дүркін Олимпиада чемпионы (2012 және 2016 жылдары) атанған, 800 метрге жүгіруден 2011 және 2015 жылдардағы әлемдік біріншіліктердің екі дүркін жеңімпазы. Ол дәл осы қашықтықта әлемдік рекордты жаңартқан.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или