Серік Сәпиев Токио Олимпиадасына болжам жасады

Серік Сәпиев Токио Олимпиадасына болжам жасады

Cпорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев ХХХІІ Жазғы Токио Олимпиадасында қазақстандық спортшылардан болжам бойынша 10 медаль күтіліп отырғанын жария етті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«Олимпиадаға дайындық жүйелі түрде жүріп жатыр. Оқу-жаттығу жиындары қайда өтетіні толық анықталды. Олимпиада ойындары 2020 жылдың 24 шілдесі мен 9 тамызы аралығында өтеді. Қазір алты спорт түріне 10 лицензия бар. 

Меніңше, Токио Олимпиадасында 10 медальдан көп аламыз деп ойлаймын. Оның ішінде кемі үшеуі алтын болуы тиіс. Әсіресе, құрама көшбасшылары Дмитрий Баландин, Ольга Рыпакова секілді ресми жарыстарда жүлде салып жүрген спортшыларға аса қатты сенім артамыз», - дейді Сәпиев.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или