Басқа

Серік Сәпиев: Елімізде Спорт университеті ашылады

Серік Сәпиев: Елімізде Спорт университеті ашылады
news-banner7
mobile-news-top

Болашақта Қазақстанда Спорт университеті құрылады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚазАқпарат порталына сілтеме жасап.

Бұл туралы бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев айтты.

«Болашақта елімізде Спорт университетін құру жоспарда бар. Ол жерде барлық салаларда спортшыларды дайындаумен байланысты түрлі бағытты қамтитын факультеттер болады. Спорт университеті барлық проблеманы шешуі тиіс», - деді ол.

Сонымен қатар, ол бұл бағыттағы жұмыстардың қалай жүргізіліп жатқанын айтты. «Біз техникалық-экономикалық негіздемесін жасап, өзге де мемлекеттік органдармен келісу процедурасын өткізіп жатырмыз. Сондықтан мәселе әзірше ашық, біз барлығын әзірледік, ұсыныс енгізудеміз. Мәселе шешіліп жатыр. Таяу 4 жылдың ішінде шешіледі», - деді Серік Сәпиев.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер