Басқа

Жансая Әбдімәлік Аустрияда өткен турнирде арнайы жүлде алды

Жансая Әбдімәлік Аустрияда өткен турнирде арнайы жүлде алды
news-banner7
mobile-news-top

Аустрия астанасында өткен Vienna Chess Open халықаралық шахмат турнирінде қазақстандық халықаралық шебері Жансая Әбдімәлік сәтті өнер көрсетті, деп жазады Prosports.kz.

Тоғыз турдан тұратын жарыс қорытындысы бойынша Жансая 7 ұпай жинады, бұл оған барлық қатысушы-әйелдердің арасынан үздік болуға, сондай-ақ жалпы есепте сегізінші орынға ие болуға мүмкіндік берді. Айта кетелік, мұндай ұпай санын 2-11 орын алған қатысушылар да жинады.

Сонымен қатар, Жансая Әбдімәлік әлем чемпионы атағы үшін, үздік әйелдер нәтижесі үшін финалдық ойындарда екі рет (1975 және 1981 жылдары) ойнаған аты аңызға айналған Нана Александрияның қолынан арнайы жүлде алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер