Жасөспірімдер қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионатында 7 алтын алды

Жасөспірімдер қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионатында 7 алтын алды

<span>Алматыда жасөспірімдер арасында қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҚМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. </span>

<span>Турнир Қазақстан қорғаныс министрлігі мен Бүкілқазақстан қоян-қолтық ұрыс қауымдастығы басшылығымен өтті.  Салтанатты іс-шараның жабылуына Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы Күштер Бас штабының бастығы, генерал-майор Мұрат Бектенов қатысты. </span>

<span>Медальдар саны бойынша турнирдің алғашқы үштігіне Ресей, Қазақстан және Өзбекстан командасының спортшылары кірді. Жалпы қазақстандық жасөспірімдер 7 алтын, 18 күміс және 47 қола жүлде иеленді. Турнирге жеті елден – Қазақстан, Армения, Қырғызстан, Ресей, Словакия, Тәжікстан мен Өзбекстаннан 14-21 жас аралығындағы 200 жасөспірім мен қыздар қатысты.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или