Изим Избаки кәсіпқой бокстағы екінші жеңісіне қол жеткізді
Қазақстандық боксшы Изим Избаки 23 тамызда Брокен-Эрроуде (Оклахома, АҚШ) шаршы алаңға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Избаки америкалық 26 жастағы боксшы<span> Армонте Саммерске қарсы жұдырықтасты. Жеңіс қазақстандық боксшыға бұйырды.</span>
Бұл - Избакидің екінші жеңісі. Соңғы жекпе-жегінде Избаки Беларусь елінің өкілі<span> </span>Олег Заблоцкиймен кездесті.<span> </span>Ауыр салмақта өнер көрсеткен отандасымыз екінші раундта қарсыласын техникалық нокаутқа жіберді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или