Басқа

Ришат Хайбуллин спорттық жартасқа өрмелеуден олимпиада лицензиясына ие болды

Ришат Хайбуллин спорттық жартасқа өрмелеуден олимпиада лицензиясына ие болды
news-banner7
mobile-news-top

Спорттық жартасқа өрмелеуден Жапонияның Хатиодзи қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Ришат Хайбуллин қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Prosports.kz ҚР ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Хайбуллин олимпиада лицензиясы таратылатын "көпсайыс" бағдарламасы бойынша әлемдегі үздік үш спортшының қатарына кірді. Көпсайыс қатарына боулдеринг, жылдамдық және қиындық бойынша жарысу енеді. "Жылдамдық" бойынша Ришат ең үздік нәтиже көрсетіп, бірінші орыннан иеленді. Ол 5.915 секундта берілген қашықтықты жүріп өтіп, әлем рекордын жаңартуға бір қадам жақындады. "Боулдеринг" бойынша Хайбуллин сегізінші орын алса, ең шешуші кезең саналатын "қиындықта" бесінші орыннан көрінді. Жарыс нәтижесінде үш кезеңдегі ұпайлар есептеліп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталған. Ришат Хайбуллин Олимпиада лицензиясымен бірге әлемдік сынның қола жүлдесін иеленіп отыр. Алтын медальді Жапония өкілі Томоа Нарасаки, күміс жүлдені австриялық Якуб Шуберт иеленді. Бұған дейін спорттық жартасқа өрмелеуден Қазақстан спортшылары әлем біріншілігінен жүлде алып көрмеген еді. Сондай-ақ, Ришат - аталмыш әлем чемпионатының финалында өнер көрсеткен ТМД елдерінің жалғыз өкілі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер