Ресми. Елеусінов жеңілмеген боксшыға қарсы жұдырықтасады

Ресми. Елеусінов жеңілмеген боксшыға қарсы жұдырықтасады

Matchroom Boxing промоутерлік компаниясы қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтің келесі жекпе-жегін ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Твиттерде бокс кеші 13 қыркүйекте Madison Square Garden-де өтеді деп жазылған хабарлама пайда болды. Оған Елеусінов қатысады. Жерлесіміз 34 жастағы американдық боксшы Решард Хикспен қолғап түйістіретін болады.

Хикс кәсіпқой рингте бірде-бір мәрте қарсыласына жеңілмеген. 13 кездесу өткізіп, 12 рет(6 нокаут) жеңіске жеткен. Бір жекпе-жекте тең нәтиже тіркеген. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или